Аққулар мекені – кіші Талдыкөлді жою кімге тиімді?
Аққулар мекені – кіші Талдыкөлді жою кімге тиімді?
©Сурет интернеттен алынды
679
оқылды

Нұр-сұлтандағы кіші Талдыкөл көлінің суын тартып, үстіне топырақ төгіп, күнбе күн тегістеп жатыр. Артынан құрылыс алаңына айналып, зәулім-зәулім үйлер тұрғызылмақшы. Осындай шағыммен шыққан қала тұрғындары «қөлді сақтап қалуды» сұрап жатыр.

[caption id="attachment_73370" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Талдыкөлдің жойылуына келіспеген олар әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырып, судың айналасын күл-қоқыстан тазалап жүргенін естідік. Бір сенбілігіне біз де қосылдық. Эко-сенбілікке біраз адам жиналған. Негізгі құрам – сол маңайдағы тұрғынүйлердің тұрғындары. «Кешкісін серуендеп көлде жүрген түрлі құсты көріп, қызықтаймыз. Демалғанға да жақсы жер» деген олар Талдыкөлдің жойылуына қарсы. [caption id="attachment_73372" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption]
– Осыдан бір ай бұрын үйге «біз, яғни тұрғындар кіші Талдыкөлді құрғатып, жойуын сұрап отырмыз» деген хат келіп, қол қоюды сұраған. Бірден әкімдікке хат жазып едік, жауап та берді. Бірақ кіші Талдыкөлді қалдыратынын не көзін құртатынын нақты айтпады. Бізге сол жағы түсініксіздеу, – деген тұрғын Бақтияр Омарханов көлдің орнына не салынатынын білмейді. Алайда қаланың дәл ортасында, инфрақұрылымның бәрі қосылған жерді пайдаға жарату кім-кімге де тиімді деген ойымен бөлісті. Дәл жанында жүріп жатқан құрылыс та бұған дәлел.
[caption id="attachment_73373" align="alignleft" width="479"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Көлдің бүкіл жағалауын күл-қоқыстан тазалап шықпақ ойымыз бар» деген ол әр сенбі сайын сенбілікке шығып отыруға бел бұған. – Хат келген күннен бастап, Facebook парақшама жазып, елді сенбілікке шақырдым. Сол кезде өзгені білмеймін, бірақ жалғыз болсам да жинаймын деп шештім. Бүгінде үшінші рет шығып отырмыз. «Көп түкірсе, көл болады» дегендей, әр сенбілікке адамдар жиналып жатыр. Қазір бізге қиындау болып отырғаны  көлдің арғы шетіндегі қоқысты шығаруға техника керек. Өткенде Экология министрлігінің өкілі келіп, сенбілікке атсалысқан. Сонда техникамен қамтимыз деп еді. «Құр шөппен ауыз сүртіп» кетті-ау, – деп отыр ол. [caption id="attachment_73375" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Расында, осы мәселе бойынша бірер апта бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы Кіші Талдыкөл көлін құрғату жұмыстарына сарапшылар мен ғалымдар тартылатын жазған. [caption id="attachment_73376" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

«Бүгін Кіші Талдыкөл мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімімен сөйлестім. Біздің министрліктің пайымынша, көлді құрғату жұмыстары экожүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін. Алдағы уақытта ғалымдар мен эколог сарапшыларды тарта отырып, қала басшылығымен бірлесе осы мәселені толық зерттеуге келістік. Енді кез келген шешім жоғарыда аталған мамандардың қорытындысына сай шығарылатын болады» деді министр.

[caption id="attachment_73377" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Алайда әлі күнге дейін «бұл көлге тиіспейміз» деген нақты жауап әкімдіктен де, министрліктен де келмеген. «Сұрауды заң орынның бәріне жібердік. Әлі ешкімнен ешқандай жауап алмадық» деген Экологиялық ұйымның ассоциациясы сенбілікке шыққан адамдарды көріп, өздері қатарға қосылған екен. [caption id="attachment_73387" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] «Талдыкөлді таза ұстап, дұрыс күтсе, қала ішіндегі кішкене көлшік ретінде қалдыруға болады емес пе?  Соңғы кезде ірі мегаполисте табиғат аясынның сақталуы сәнге айналған. Осы мақсатта Талдыкөлді қалдыруға болады» дейді ассоциация өкілі Төлебай Әділов. [caption id="attachment_73380" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption]

Оның мәлімдеуінше, көлдің суын сорып, жерді құрғатқанның өзінде ол жерде қайта су алуы мүмкін.

[caption id="attachment_73381" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] – «Мына жер бізге керек» деп ешқандай тексерусіз, сараптамасыз көлді құртуға болмайды. Бәрі заңды түрде жүргізілуі керек. Өйткені кез келген көл өзара жерастымен байланысыта. Егер кіші Талдыкөл құрғатылатын болса, оның суы қайда кетеді? Мұндағы суды сорып алу мүмкін емес. Себебі, жерастынан су шыға береді. Ол – үлкен Талдыкөлдің суы. [caption id="attachment_73389" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Тіпті, оған мән бермей, судың бетін құммен төгіп, жауып тастауға болады. Бірақ су шығу жолын іздеп, уақыт өте маңайдағы үйлердің астынан шығуы ықтимал. Арадағы биологиялық баланс жоғалады. Оның салдарынан үлкен Талдыкөл қандай жағдайға ұшырайтыны беймәлім. Сондықтан кез келген нәрсені «жеті рет өлшеп, бер рет кесу» керек. Мәселен, қоршаған ортаға тиер зияны тексеріп, экологиялық экспертиза жасалып, мамандардың пікіріне құлақ асу қажет. Содан кейін қоғамдық тыңдалымға өтіп, талқыға салынуы тиіс, - деді ол. [caption id="attachment_73384" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Кіші Талдыкөл – батпақты жер емес, батпақты көлге жатады. Онда құстың түр-түрлісі мекендейді. Тіпті, аққуларды көруге болады екен. Бұрын Талдыкөл үлкен бір көл болған. 1970 жылдан бері ол – үлкен Талдыкөл және екі кіші Талдыкөл деген үш бөліктен тұрады. Оның үлкен Талдыкөлін әкімдіктің этносаябақ жасамақ. [caption id="attachment_73385" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Кіші Талдыкөл болса қоқыс алаңына айналған. Себебі, қыс бойы қаладан шыққан күл-қоқыс осы жерге төгілді. Соның салдарынан көл маңайын жағымсыз иіс шығуда. Ал қазір қала билігі соның екеуін құрғатпақшы-мыс. Алайда, қоршаған ортаға жауаптылар бұл қадам балық, аң мен миграция кезінде 200 құс мекендейтін судың экожүйесін бұзады деп отыр. [caption id="attachment_73386" align="alignnone" width="1024"]Талдыкөл ©Айтжан Мұрзанов[/caption] Бұған біз не дейміз?! «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, қапыда қалып, кіші Талдыкөлді құрғатамыз деп, үлкен Талдықөлден айырылып қалмайтынымызға кім кепіл?! [embed]https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=965VEURN7Q0&ab_channel=AiRad[/embed]