24 жыл бұрын Беларусьте кісі өлтірген адам ұсталды
24 жыл бұрын Беларусьте кісі өлтірген адам ұсталды
© Сурет Polisia.kz сайтынан
310
оқылды

Алматы полициясы 24 жыл бұрын Беларуссияда кісі өлтірген адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Іздеу” ЖАІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының жедел қызметкерлері ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен 67 жастағы К. есімді азаматты ұстады. Ол соңғы жылдары Алматы маңында жасырынғаны белгілі болды. 

– Беларуссиядан келген әріптестеріміздің ақпараты бойынша,  азамат К. 1996 жылдан бастап адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болды және  Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті ретіндеіздестірілуде. Азамат К. өз елінде бұзақылық үшін және адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көп ұзамай ол Беларусь Республикасының Минск қаласына экстрадицияланып, жергілікті сот алдында жауап береді, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.