Атырау облысында алты оттегі стансасы салынуда
Атырау облысында алты оттегі стансасы салынуда
© сурет интернеттен алынды
255
оқылды
«Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров айтты» деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
«Атап айтқанда, ​ облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда», -  деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.
Еске сала кетелік, облыстың медициналық ұйымдары бүгінде 224 ИВЛ аппаратымен, 27 рентген аппаратымен, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторымен және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етіліп отыр. Облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​ жеткілікті.