Көкшетауда құтқарушы мен өрт сөндіруші төбелесіп қалған
Көкшетауда құтқарушы мен өрт сөндіруші төбелесіп қалған
© Сурет ғаламтордан
260
оқылды
Ақмола облыстық ТЖД бастығы Алексей Советов өрт сөндіру, апатты-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері арасында болған төбелес туралы айтты, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Ведомство басшысының айтуынша, қыркүйектің 16-17 күндері аралығында түнде жұмыстан тыс уақытта өрт сөндіру, апатты-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері арасында тұрмыстық жанжал орын алған. Осының салдарынан бір қызметкер ауруханаға түсіп, оған медициналық көмек қажет болған. Қазіргі кезде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
«ПД осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеу барысы туралы мәліметтер жарияланбайды. ТЖД комиссия құрып, қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», - дейді Алексей Советов.
Ведомство басшысы келеңсіз жағдай жұмыс уақытынан тыс, екеуара түсініспеушіліктен туындаған тұрмыстық жанжал деп отыр.
«Тергеу шаралары аяқталған соң кінәлілер қатаң тәртіптік жазамен шектеліп қалмайды, сонымен бірге, қылмыстық жазаға да тартылады. Өзге ақпарат анықталған соң кейін хабарланады» деп толықтырды Алексей Советов.