«Тағы бір көпір астындағы кеңістік Еуразия ұлттық университетінің жанынан ашылды» деп жазды шаһар басшысы.«Беласар» көпірінің астында орналасқан аймақта стритбол, коньки, үстел теннисі және жаттығу алаңдары бар. Елорда әкімдігі қала тұрғындарының демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға айрықша көңіл бөліп отыр. Осылайша бос жатқан жерлер үлкен алаңға, шағын саябақтар мен жайлы бульварларға айналды. Биыл 50 қоғамдық орын және 150 аула жабдықталады. Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» бас жоспары тұжырымдамасы аясында іске асады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі "Арқар" көпірінің астындағы бос орынды абаттандырғаны және танымал спортшылар бейнеленген граффити салғаны туралы жазған болатынбыз.Посмотреть эту публикацию в InstagramЕщё одно подмостовое пространство. Возле ЕНУ им. Л.Н.Гумилева.