Партия хатшысы кандидаттармен және партияластармен кездесті
Партия хатшысы кандидаттармен және партияластармен кездесті
282
оқылды
Партия хатшысының айтуынша, қазір жиі көтерілетін мәселелердің бірі жастардың баспаналы болуы мен саяси өмірге араласуына қатысты. Кандидаттар осы бастан әрекет етсе, алдағы 5 жылда мұндай сұрақтарды туындатпауға болады. Ол үшін кан­дидаттар қазіргі үгіт-насихат кезінде жастарға қатысты халықтан түскен сұрақтарды ұсыныс ретінде «Жастар – Отанға!» бағдарламасы­на енгізулері керек. – Сіздердің қазіргі үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде беріп отыр­ған ұсыныстарыңыздың бәрі сол бағдарламаға кіруі керек. Бағдарлама қыркүйек-қазан айларында талқы­ланады. Сондықтан сіздердің мақ­саттарыңыз партиялық тізімге кіру ғана емес, өз ұсыныстарыңызды бағ­дарламаға енгізуге құлшыныс жасап, болашақта соның іске асырылуын қадағалауларыңыз керек, – деді партия хатшысы. Оның айтуынша, «Jas Otan» Жастар қанаты Жол картасының 216 жобасын әзірледі. Онда әрбір өңір, қала және аудан бойынша жастардың негізгі проблемаларын шешуге қатысты нақты шаралар көрсетілген. Қазақстандық жастар аталған құжатпен танысып қана қоймай, сонымен қатар jasotan.kz және primaries.kz сайттары арқылы ұсыныстарын жолдай алады. Кандидаттармен еркін форматта әңгімелесу барысында партия хат­шысы жастарға неліктен арнайы квота бөлінгенін айтып берді. – Ауыл шаруашылығында суб­­сидия деген бар. Субсидияны мем­лекет не үшін береді? Бастапқы уақытта сол саланы қолдау үшін, соған бір импульс беру үшін қол­данады. Тура сол сияқты партияда беріп отырған 20 пайыздық квота жастарға берілген мүмкіндік, – деді ол. Сондықтан да сол мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды. Сондай-ақ партия хатшысы мәслихаттарда әйел адамдардың үлес салмағы 12 пайыздан аспайтынын жеткізді. Бұнымен қоса, соңғы 2-3 жылда көпбалалы аналардың мәселелері жиі көтерілген. Партия хатшысы отбасы құндылықтарына қатысты осындай мәселелердің шешілуі үшін әйел адамдардың мемлекеттік органдарда, әйелдерге қатысты комиссияларда көбірек болуы қажет екенін айтты. Іссапардың екінші күні партия хатшысы Хромтау ауданына бар­ды. Мұнда Ақжар селолық окру­гінде орналасқан №104 дауыс беру учаскесінің санитарлық-эпидемия­лық талаптарға сәйкестігін тексеріп, «Ақжар ауылдық округі» БПҰ мү­шелерімен кездесу өткізді. Кездесуде партия хатшысы Елба­сының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жыл­ға әрбір өңір, қала және ау­­дан бойынша өзінің 216 сай­лауал­ды бағдарламасының жоба­ла­рын жариялағанын айтып, хром­таулықтарды primaries.kz сай­ты арқылы осы бағдарламаларға өздерінің сындарлы ұсыныстарын енгізуге және талқылауға шақырды. – Партия тұрғындарымен кез­десу қорытындысы бойынша қа­лыптасқан нақты мәселелердің кар­тасы негізінде сайлауалды бағдарламалардың жобаларын әзірледі. Оны primaries.kz сайтынан көруге болады. Ұсыныс беруге сіздердің де мүмкіндіктеріңіз бар. Мұндағы қамтылған мәселелер шын мәнінде сіздер үшін өзекті ме, жоқ па, соны білу үшін біз алдымен жариялап, қазір ақылдасуға келіп отырмыз, – деді партия хатшысы. Содан соң Әлібек Әлденей Хромтау қаласынан праймеризге қатысушы кандидаттармен және аудандық ұйымдастыру комитеті, есеп комиссиясы мүшелерімен кездесті. Іс-шара барысында дебат өткізу және дауыс беру орнымен танысты. Nur Otan1 Кездесуде «Nur Otan» партия­сы­ның жақтастары лигасының мүшесі Ерлан Саиров праймеризге қатысты сұрақтарға жауап берді. – Праймериздің негізгі мақсаты – халықтың сеніміне ие жергілікті жердегі атқарушы билікке өзінің сөзін айта алатын азаматтарды мәслихаттарға алып келу. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының ең негізгі сұранымы ол – демократия. Халықтың бір ақ тілегі бар, ол – биліктің халық ойынан шығып отыруы, – деді Ерлан Саиров. Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жантас Нұримовтың айтуынша, партияішілік сайлауға Хромтау ауданынан 31 кандидат қатысуға ниет білдірген. Олар тау-кен өн­діру өнеркәсібі, білім беру және медицина, кәсіпкерлік және тағы да басқа сала өкілдері. Барлық кандидат партия мүшелерімен кездесулер өткізіп, өздерінің сайлауалды бағ­дарламаларымен таныстыруда. Айта кету керек, бүгінгі таңда «Nur Otan» праймеризіне Ақтөбе облысы бойынша 486 кандидат қатысып жатыр. 7 қыркүйектен бастап кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Оның ішін­де 16 жерде 87 пікірсайыс өткізу жос­парланған болса, бүгінге дейін оның 28-і өтті. Сондай-ақ осыған дейін 2 416 кездесу ұйымдастырылған. Оның 234-і онлайн түрде өтті. Ақтөбе облысындағы іссапардан соң «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей және саясаттанушы, «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының мүшесі Ерлан Саиров Батыс Қазақстан облысына барды. Сапар барысында Әлібек Әлде­ней мен Ерлан Саиров партияішілік сайлау – праймеризге үміткерлер арасындағы қоғамдық пікірталастарға қатысты дауыс беру орындарын, яғни Мәдениет және жастар үйін аралады. – Пікірсайыс өте мазмұнды өтті. Аймақтың түрлі мәселесі бойын­ша әрқилы көзқарастар айтыл­ды. Үміткерлердің сайлауалды ау­қымды бағдарламасы бар екені бірден байқалды. Онда жастар саясатын қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауы, жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі туралы жақсы айтылды, – деп атап өтті партия хатшысы Әлібек Әлденей. Жұмыс сапары партияішілік сайлауға үміткерлермен кездесумен аяқталды. Бұл кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Кездесуге қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына мардымды жауап алды.  

Әбілмансұр ЖАСАН