Никола Пашинянның facebook-тегі парақшасында "Президенттер селфиі" пайда болды. Бұл жайында zakon.kz хабарлады.
Бұл фотода Пашинянмен бірге Арменияның бұрынғы премьер-министрі Тигран Саргсян, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Молодова президенті Игорь Додон, Сингапурдың премьер-министрі Ли Сянь Лун бар.
Тура осындай селфиді Сингапурдың Премьер-министрі Ли Сянь Лун де жариялап, пост жазып жіберді:
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысқан мемлекет басшыларымен бірге түскі ас іштік. Қонақжайлылығы үшін Пашинянға зор рақмет! (Сол жақтан бастап: Арменияның бұрынғы премьер-министрі және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саргсян, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Молдова президенті Игорь Додон және Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков. / Сурет менікі), деп жазды ол.
Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің алғашқы селфиі емес. Бұған дейін де Мемлекет басшысы өнер адамдары ғана емес, қарапайым жандармен де суретке түскен.