Сыртқы қарыз азайды
Сыртқы қарыз азайды
355
оқылды

2019 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 3,7% төмендеді,– деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша міндеттемелер 158,3 млрд долларды құрады, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,7 %-ға (2018 жылы 164,4 млрд доллар) төмен. Яғни, сыртқы қарыз бір жыл ішінде 6,1 миллиард долларға азайған. Қарыз сомасындағы негізгі үлес компанияларға тиесілі – 100,2 млрд доллар, қалған 39,7 млрд доллар басқа секторлардың сыртқы қарызы. Сонымен бірге үкіметтің қарызы 11,9 млрд долларды, ал банктердің борышы – 5,6 млрд долларды құрады. Екінші тоқсанда Ұлттық банктің сыртқы қарызы едәуір (1,2 млрд доллардан 759,4 млн доларға) төмендеген.