SIM картадан құтыламыз
SIM картадан құтыламыз
299
оқылды

SIM картаның машақаты көп: қазақстандықтар өз телефонындағы тиісті ұя­шық­қа сыймағандықтан, оны кестіру немесе әлде­бір жерге қоя салып, жо­ғал­тып алу секілді мәсе­ле­лері көптеп кездеседі. Ал­дағы жылдары одан да құтылуға мүмкіндік бар. Үкі­метте Қазақстанның чип емес, цифрлы бағдар­лама түрінде болып келетін электронды SIM картаға көшу мәселесі қаралды.

Әлемде және елімізде 4G енгізілгелі бері адамдардың өміріне елеулі өзгерістер кірді. Өйткені 4G Instagram, Facebook секілді әлеуметтік желілердің, мессенджерлердің, сондай-ақ ұялы қосымша арқылы таксиге тапсырыс беруге арналған Убер, ЯндексТакси секілді құрылым­дардың пайда болуына жол ашты. Ал енді қолға алынып жатқан 5G мүлдем жаңа мүм­кіндіктер әкел­мек. Себебі ол қазіргіден 100 есеге дейін асатын жылдамдық әкеледі. Нәти­же­сінде, автокөлікті алыс­тан бас­қарудан бастап, қашық­тықтан операция жасауға дейінгі жаңа қызметтер өмірге жолдама алады деп күтілуде.

Игіліктердің бірі – еSIM кар­та. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің мәліметінше, Қазақстанда жаңа еSIM тұжырымдамасы түзілуде. Оған сәйкес, чип түріндегі SIM картаның қазіргі көз үйренген тү­рі бағдарламалық шешімге ауыс­тырылатын болады. Бұл тұ­жырымдаманы қазір ұялы бай­ланыс операторлары реттеушімен бірге пысықтап жатыр.

– Жақын арада біз еSIM бо­йын­ша алғашқы жобаларды паш етеміз. Оларға сай, ешқандай ­чип­ті салмастан, SIM картаны ұя­лы телефонға бағдарлама тү­рінде ендіру мүмкін болады. Қа­зақ­станда 5G пайда болған соң бұл технологияның негізгі бөлігі еSIM негізінде енгізілетін бола­ды, – деді «Қазақтелеком» басшысы.

Ол 5G желілері іске қосылған­нан кейін қарқынды дами бас­тайтын салаларды атады.

– Технологиялар келсе, өнер­кәсіп, электронды коммерция жаңаша дами бастайды. 5G түрлі салаларда бірнеше революция­лық бетбұрыс әкеледі. Алғашқы сала – көлік саласы. Себебі мұн­дай жылдамдықтар көлік са­ла­сында өте қолайлы. Бұдан бөлек, 2-3 негізгі саланың түбегейлі өз­гергенін байқайтын боламыз, – деді ол.

Бүгінде елімізде 5G желісін бірнеше өндіруші тестілеуден өткізіп жатқан көрінеді.

– Олардың әрқайсысы өзінің төл стандартын, желі мүмкін­діктерін, өзінің жылдамдық си­паттамаларын ұсынады. Біз жал­ғыз вендормен шектелгіміз кел­мейді. «Қазақтелекомның» стра­тегиясы вендорлық тәуелсіздікті мақсат тұтады. Біз тікелей техно­логиялық тәуелділікке түсіп қал­мау үшін сан алуан вендор­ла­ры­мыздың болуын қарастыруда­мыз, – деді Қ.Есекеев.

Әйтсе де, бұл – арман болма­ғанымен, алдағы болашақтың ісі. Әзірге ауыл-аймақ түгілі, елор­даның өзінде, «Қазақтелеком» ұсынатын интернеттің жыл­дам­дығы сонша жоғары емес. Осы орайда, Үкімет отырысынан ке­йін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында журналистер ал­дымен ауыл жаққа жоғары жыл­дамдықты интернет қашан ке­летінін сұрастырды. «Қазақ­телеком» басшысы 1 жыл ішінде ауылдарды кеңжолақты интер­нетпен қамтыған соң, «ақылды ауыл», «бұлтты бейнебақылау» секілді технологиялар өңірлерге де келетініне уәде етті.


5G енгізуге мем­лекет тарапынан ешқандай қа­ражат бөлінбейді. Өйткені бұл – жеке оператордың жұмысы. Екіншіден, 5G технологиясы қым­бат тұратындықтан, біз ал­дымен оны қалаларда ғана ен­гіземіз. Бүгінде бүкіл әлемде 5G тек қалаларда енгізілген. Бола­шақ­та егер мүмкіндік болса, жет­кізуші компаниялармен бір­лесіп, 5G-ді ауылдық жерлерде де енгізу жайын зерделейміз.


– Біз қалада соңғы үш жыл бойы бұлтты бейнебақылауды бел­сенді дамыттық. «Қазақ­те­ле­ком» ауылдарға бет бұрғасын және ауылға жылдамдықты ин­тер­нет келгесін жағдай түбегейлі өзгереді. Ең алдымен, электронды коммер­ция саласында өзгерістер болады. Себебі ауыл тұрғын­дары­на ком­мер­циялық ресурстар қаладағыдай қолжетімді болады. Бейнебақылау мен басқа да сервис түрлері интер­нетке қосыл­ған ауылдарға содан кейінгі бір жыл ішінде жетеді деген сенім­демін, – деген Қуаныш Есекеев «Қазақтелеком» үшін бас­тысы, жыл­дамдық пен қосылған або­ненттердің саны екенін айтты.

Өз кезегінде Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұ­ма­ғалиев 5G желісіне ауысу интер­нет тарифтері құнының өсуіне соқтырмайтынына сендірді. Оның байламынша, елдегі бай­ланыс сапасының төмен болуы тек ұялы байланыс оператор­ла­рының жұмысына ғана емес, со­нымен бірге қажетті инфрақұ­ры­лымның жоқтығына да байла­нысты.

– Щучинск-Бурабай айма­ғында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен тиісті базалық стан­саларды орнаттық. Нәтижесінде, бұл аймақта ұялы байланыс са­пасы біршама жақсарды. Қазір осындай жұмысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп жүргізіп жатырмыз: қалада 50 мачталық құрылғы орнатылады және көптеген проблемалар ше­шімін табады. Ары қарай Пав­ло­дар және Алматы қалаларында жұ­мыс жүргізуді көздеп отыр­мыз, – деді министр.

Ол 5G енгізу осындай мәсе­лелердің қалаларда да, ауылдық елді мекендерде де шешілуіне ықпалын тигізетінін жеткізді. Бұл технология ел экономикасын цифрландыру үшін аса маңызды.

«5G енгізу көптеген мәселе­лердің шешімін табуға көмек­те­седі. Оның ішінде «ақылды қа­ла­лар» кіріктірілген техно­логиясын енгізу, көлік жүйесін цифрлан­дыру, сондай-ақ қа­уіпсіздікпен байланысты бар­лық мәселелер бар», – деді А.Жұ­мағалиев.

Министр 5G желісіне ауысу мемлекеттен бюджет қаражатын шығындауды талап етпейтінін мәлім етті.

«Біріншіден, 5G енгізуге ­мем­лекет тарапынан ешқандай қа­ражат бөлінбейді. Өйткені бұл – жеке оператордың жұмысы. Екіншіден, 5G технологиясы қым­бат тұратындықтан, біз ал­дымен оны қалаларда ғана ен­гіземіз. Бүгінде бүкіл әлемде 5G тек қалаларда енгізілген. Бола­шақ­та егер мүмкіндік болса, жет­кізуші компаниялармен бір­лесіп, 5G-ді ауылдық жерлерде де енгізу жайын зерделейміз. Ал тарифке келсек, кезінде 3G-ден 4G техно­логиясына ауыс­қанда ешқандай тариф қым­­баттамаған. Болашақта да жұмыс осылай жүргізіледі. 5G-ге ауысқанда тарифтер құнын көтермейміз!» деді Асқар Жұ­мағалиев.

Әзірге «Қазақтелеком» Қа­зақстанда 5G-ді тек 6 рет тес­ті­леуден өткізіпті, олар Нұр-Сұл­тан, Алматы қалаларын және Алматы облысын қамтыды. 5G желілерінде деректерді беру жыл­дамдығы 4G көрсеткіштерінен 10-нан 100 есеге дейін асатыны анықталыпты.

Айта кетейік, қазіргі кезде барлық қалаларда кеңжолақты интернет қолжетімді. Ал 3 мың 324 ауылдық елді мекен ғана интернет желісімен қамтылған. 2020 жылдың соңына дейін кеңжолақты интернет желісімен тағы 880 ауылдық елді мекен қам­тылмақ. Тұрғындар саны елуден аспайтын ауылдарда тек спут­никтік байланыс технологиясын пайдалану арқылы интернетті жеткізу қарастырылуда.