Нұр-Сұлтан қаласының Алаш тас жолы бойындағы «бүкір көпір» аталып кеткен көпірдің бір жақ шеті опырылып құлады.Қалалықтөтенше жағдайлар департаментінің мәліметіше, көпірдің құлағаны туралы ақпарат бүгін таңертеңгі сағат 04:50-де түскен. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін ТЖД мамандары аттанған.
Нәтижесінде, «ҚазақЖолҚұрылыс» ЖШС-ның көпірді бөлшектеу жұмыстары барысында темір-бетон теміржолдың үстіне құлағаны анықталған.
«Оқиға орнында жолды тазалау, көпірді бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пойыз қозғалысына бөгет етпеді. Көпір үстімен машиналардың жүруіне тек сол жақ бөлігінде ғана рұқсат етілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтті департамент.