Биылғы жылдың 31 шілдесіндегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасының мемлекеттік сыртқы қарызының мөлшері 4 млрд 169 млн 600 мың долларды құрайды. Бұл туралы сол елдің Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылдың соңында сыртқы қарыз деңгейі ЖІӨ-нің 45,5% -на дейін төмендеді, дегенмен, 2020 жылы COVID-19 пандемиясымен байланысты дағдарыстың салдарынан ол ЖІӨ-нің 56,2% дейін өсті.
Қаржы министрлігі, сондай-ақ депутаттардың 2020 жылы Қырғызстан Республикасының сыртқы қарызы 1 миллиард долларға өсті деген мәлімдемесін теріске шығарып, 337 миллион доллар сыртқы қаржылық көмек алынғанын, оның ішінде несиелер 269 миллион долларды құрайтынын атап өткен.
«Қаңтардан тамызға дейінгі кезеңде сыртқы қарызға қызмет көрсетуге республикалық бюджеттен 8 млрд 852 млн сом бөлінді. Болжамға сәйкес, 2020 жылдың соңына қарай сыртқы қарыз 4 миллиард 323 миллион 600 мың долларды құрайды», – делінген министрлік хабарламасында.