Солтүстікте бір тәулікте құс тұмауынан 180 мыңнан астам тауық қырылды

Солтүстікте бір тәулікте құс тұмауынан 180 мыңнан астам тауық қырылды

Петропавловск.news-тің жазуынша, үй құстарының жаппай қырылуынан жергілікті халық табысынан айырылып, жұмыссыз қалуы мүмкін.

Бескөл құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко: «Қырылған тауықты санап ұлгере алмай жатырмыз. Мекиендердің көбі өліп, азы қалды. Бір тәулікте 180 мыңнан астам үй құсы қырылды. Қырылған құстарды өртеп, терең шұңқыр қазып көмгеннен басқа амалымыз жоқ», – деді.

Технологтың айтуынша, құстарға дер кезінде вакцина салынбағандықтан, шығын да көбейіп кеткен. «Солтүстік Қазақстанмен көршілес шекараның арғы бетінде эпидемия жүріп жатқанда қалған вакцинаны аналық үйректерге саламыз деп шештік. Себебі, мекиен тауықтарға жетпейді. Қолда бар мүимкіндікті пайдаланып, үйректерді аман алып қаламыз деп отырмыз», – дейді технолог. Айта кетейік, біз бұған дейін Солтүстік Қазақстанда құс тұмауының өршуіне байланысты құстардың қырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.