Моцарттың музыкасын «тыңдап» өскен асқабақтың салмағы рекорд жаңартты

Моцарттың музыкасын «тыңдап» өскен асқабақтың салмағы рекорд жаңартты

Эхимо префектурасының фермері Хироёси Уцуномияның салмағы 410,3 келі асқабағы жексенбіде өткен байқауда Жапонияда өсірілген ең үлкен асқабақ ретінде танылды, – деп жазады «Қазақпарат».

Жапонияның Киодо агенттігінің хабарлауынша, бұл – 68 жастағы Уцуномияның асқабақ өсірудегі екінші жеңісі. Ол асқабақты өсіргенде Моцарттың музыкасын «тыңдатқан». Екі жыл бұрын салмағы 412, 6 келі тартатын асқабақ өсіріп, бірінші рет жеңіске жеткен шаруа оны Жапонияның дәстүрлі «энка» балладалары арқылы баптағанын айтқан болатын.

Дәстүрлі байқауға 9 префектурадан 51 шаруа қатысқан. Екінші орынды елдің шығысындағы Тиба префектурасының тұрғыны Акира Нисикава еншіледі. Оның асқабағының салмағы – 385 келі. Үшінші орын – орталық Жапонияның Мие префектурасының тұрғыны Тошиаки Сиракиге бұйырды (334 келі).

Айта кетейік, Сето ішкі аралында өткізілген байқауға COVID-19 пандемиясына байланысты асқабақтарды әкелмей, олардың бейнежазбаларын ұсынған.