Көпбалалы отбасылар 153,3 миллиард теңге жәрдемақы алды
Көпбалалы отбасылар 153,3 миллиард теңге жәрдемақы алды
Фото: Интернеттен алынды
248
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, тамыз айында жалпы сомасы 19,7 млрд теңге жәрдемақыны 394,1 мың отбасы алған.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан, алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен есептеледі. Осылайша, жәрдемақының ұлғаюы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жеке мөлшерді белгілеу арқылы қамтамасыз етілді.

Тиісті заңға Президент биыл 13 мамырда қол қойды. 8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы көлемі 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 – 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 – 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді.

Заң биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Осыған байланысты 8 және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері тағайындалған кезден бастап қайта есептелді.