Бір адамның атына 25 несие рәсімдеген алаяқтар іздестіріліп жатыр
Бір адамның атына 25 несие рәсімдеген алаяқтар іздестіріліп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
275
оқылды

Петропавлда «Хабардар болсаң – сақ боласың» іс-шарасы өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, халықты интернет алаяқтардан сақтандыру.

«Біздің мақсатымыз – халыққа ескерту. Себебі, кейінгі кезде интернет-алаяқтықтың түр-түрі көбейіп кетті. Біздің ескертпеміз тұрғындарға алаяқтардан қорғануға көмектеседі деп үміттенеміз. Халық құлағдар болса, интернет арқылы жасалатын қылмыстардың санын азаяр еді», – дейді волонтер Даниал Исаев.

Полицейлердің айтуынша, биыл 270-тен астам солтүстікқазақстандық онлайн-ресурстар арқылы алаяқтардан зардап шеккен.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов: «Әлеуметтік желіде күмән туғызатын кез келген тауарды сатып алу-сату кезінде алдын ала төлемдерден бас тарту қажет. Банк картасының нөмірлерін, ПИН-кодтарды, сондай-ақ ұялы телефонға түскен парольдерді ешкімге айтпау керек», – дейді.

Петропавл қаласының тұрғыны полицияға 4 миллион теңге көлемінде 25 шағын несиесі бар екенін білгеннен кейін араша сұрап келген. Осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.