Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі Назиля Раззак Facebook-тағы парақшасында жазды.
Азамат Б-ның мәлімдеуінше, ол өндірістік жарақат алған, бірақ еңбекке жарамсыз болып, демалыста жүрген кезінде жұмыстан босатылған. Өтініш беруші партияның Жезқазған қалалық филиалынан осы мәселені шешуді және бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасуға көмек көрсетуді сұрайды.
Партияның Жезқазған қалалық филиалы азамат Б-ның аталған өтінішін «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ өкілдерімен бірлесіп қарады.
«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша азамат Б. бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасты.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Жезқазған электрмен жабдықтау дистанциясы» ЭЧ - 27 бастығына алдағы уақытта осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу туралы ұйғарым берілді.
Өз кезегінде азамат Б. нұротандықтарға әділдікті қалпына келтіруге көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.