Сондай-ақ ол алдын алу шараларына қатысты иммунитетті қалыпты жұмыс жағдайында қолдауды және өзін емдеумен айналыспаудың маңыздылығына тоқталды.
Профессор келіп жеткен күз-қыс маусымында алдын алу шараларын – жеке гигиенаны, әлеуметтік қашықтықты сақтап, ең бастысы маусымға қарай киініп, мүмкіндігінше суық тигізбей, жүйелі және сапалы тамақтану керектігіне тоқталды.«Иммунитет бәрінде бар және оны көтеру – бұл дұрыс айтылып жүрген термин емес. Иммундік стимуляция, модуляция, антибиотикалық терапия – емнің барлық осы түрлері лабораториялық диагностикалау және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Өзін өзі емдеу арқылы ауырғаннан да көп қиындық тудыруға болады. Әсіресе ол денсаулыққа байланысты көптеген қиындықтарға әкелуі мүмкін. Дәрілермен, соның ішінде дәрумендермен ауруды емдеу керек. Өз ағзаңызды дәрілермен толтырып, осы препараттарға микробтар үшін жағдай жасаудың қажеті жоқ. Дисбиоз жағдайы – егер сізде ауру болмаса бұл ауру кезінде емді төмендетуі мүмкін. Кейін ауырған кезде бұл препараттардың әсері болмайды», – деді ол.