Мемлекет басшысы «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумына қатысты
Мемлекет басшысы «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумына қатысты
258
оқылды
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Еуразия континентінің транзиттік әлеуеті» форумының жұмысына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. 

Мұндай форматтағы іс-шара ЕАЭО үшін жаңалық болды. Жоғары Еуразиялық экономика кеңесінің шешіміне сәйкес, мұндай форумдар төрағалық етуші тараптан әртүрлі тақырыптарда интеграциялық бірлестікке мүше-мемлекеттердің мүдделеріне сай өтіп тұратын болады.

Еревандағы форумда көлік-логистика саласын дамыту, ЕАЭО елдерінің транзиттік мүмкіндіктерін нығайту мәселелері талқыланды.