Жамбылдықтар жаппай вакцина салдырып жатыр
Жамбылдықтар жаппай вакцина салдырып жатыр
© сурет интернеттен алынды
5,221
оқылды
Коронавирус індетінің болжамды екінші толқынынан үрейленіп отырған жамбылдықтар тұмауға қарсы жаппай вакцина салдырып жатыр. Жылдағыдан ерте 15 қыркүйектен басталған екпені бүгінде 19000 тұрғын қабылдап үлгерген. Ал вакцинаға қатысты түрлі қауесетті жоққа шығару үшін  екпені  бірінші медицина мамандары өздеріне қабылдаған. Тағы бір айта кетерлігі, вакцинация халықтың белгілі бір тобына тегін жүргізілуде. Атап айтсақ, созылмалы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер мен балалар үйлері мен  мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері, мүгедектер мен созылмалы ауруы бар адамдар және  60 жастан асқан қариялар  екпені тегін алады. Тұмауға қарсы жоспарлы екпе егу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы