Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнайды
Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнайды
© сурет интернеттен алынды
365
оқылды
Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде жел күшейіп, найзағай ойнайды, - деп  хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Cиноптиктердің мәліметінше, ертең, 22 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с болады. Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерінде онтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қарағандыда онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавлда 22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.