Жұмысқа қайта орналасты
Жұмысқа қайта орналасты
289
оқылды
Аталған азаматтың мәлім­деуін­ше, ол өндірістік жарақат алған, бірақ еңбекке жарамсыз демалыста жүрген кезінде жұмыс­тан босатылған. Өтініш беруші партияның Жезқазған қалалық филиалынан осы мәселені шешуді және бұрынғы жұмыс орнына қайта орналасуға көмек көрсетуді сұрайды. Партияның Жезқазған қала­лық филиалы Б. есімді азаматтың өтінішін «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ өкілдерімен бірлесіп қарады. «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ жос­пардан тыс тексеру нәти­жесі бойынша азамат Б. бұ­рын­ғы жұмыс орнына қайта орна­ласты. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ  «Жезқазған электрмен жаб­дық­тау дистанциясы» ЭЧ-27 бастығына алдағы уақытта осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу туралы ұйғарым берілді. Өз кезегінде өтініші ескерусіз қал­маған азамат нұротандықтарға әділдікті қалпына келтіруге көр­сеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.  

Әбілмансұр ЖАСАН