Анықтаманың 28 түрін сұрату тоқтатылады
Анықтаманың 28 түрін сұрату тоқтатылады
5,269
оқылды

Елімізде 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасының жойылатыны белгілі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева одан бөлек тағы 28 анықтаманың да жойылатынын жариялады.

– Елімізде мекенжайы анықтамасын жою – жұмыстың басы ғана. Біз қазіргі уақытта дәл осындай 28 анықтаманы жоюды көздеп отырмыз. Яғни, тағы 28 анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті болмай қалады,– деді Әсемгүл Балташева елордада өтіп жатқан «Цифрлық күз» шарасында. Оның айтуынша, әртүрлі сипаттағы анықтамалар мен құжаттар өмірлік қажеттіліктерден туындайды. «Біз шетелдік тәжірибелердің көбін зерттеп, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін ауқымды талдау жұмыстарын жүргіздік. Белгілі бір құжатты алу үшін міндетті түрде уақыт бөліп, мекеме аралаудың қажеттігі жойылып барады. Мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті түрде алу мүмкіндігін жолға қойдық. Проактив дегеніміз – қызметтің өзінің азаматтарды іздеп табуы дегенді білдіреді. Қайда барам, не істеймін деп бас қатырудың керегі жоқ. Осынау 28 мемлекеттік қызметтің түрін 17 проактивті қызметке ауыстырып жатырмыз. Яғни, 28 қызметтің түрін регистрден алып тастаймыз»,– деді Әсемгүл Балташева. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстанда мекенжай анықтамасы жойылатынын хабарлаған.