Жезқазған қаласының әкіміне сөгіс жарияланды
Жезқазған қаласының әкіміне сөгіс жарияланды
305
оқылды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ауызсумен қамту мәселесіндегі проблемалар үшін Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады. Бұл туралы аймақтың баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазғанға барып, қала активінің отырысында нақты жоспарларды жариялап, келесі жылы шаһардың бюджеті өсетінін айтты.

– Келесі жылы қала бюджетін тағы 5 млрд теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл қаражатты барынша көп әлеуметтік мәселелерді шешу үшін тиімді пайдалануға тиіспіз, – деді Жеңіс Қасымбек.

Аймақ басшысы қалада халық саны артып келе жатқанын, алайда коммуналдық мәселелердің дұрыс шешілмегенін атап Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімовке сөгіс жариялады.

– Мен сумен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын бөлімшенің жұмысына теріс баға бергім келіп отыр. Сондай-ақ «Қазақмыстың» басшылығына осы мәселеге назар аударуларыңызды сұраймын – қаланы сумен жабдықтау мекемелеріндегі басшылық алып отырған лауазымдарына қаншалықты сай келетінін қарастыру қажет,– деп тапсырды Ж.Қасымбек.