Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирустың өршу қаупі жөнінде ескертті
Ұлыбританиялық ғалымдар коронавирустың өршу қаупі жөнінде ескертті
© сурет интернеттен алынды
306
оқылды
Ұлыбританияның бас санитарлық дәрігері Крис Уитти халыққа үндеу жасап, сақтануға шақырды.  Оның айтуынша, апта сайын елде коронавирус жұқтырған адамдар саны екі есе өсіп келеді.  Бұл қарқынмен қазан айының ортасында күн сайын 50 мың науқас тіркеледі. Ғалымдардың болжамды есептеуі бойынша, қарашаның ортасында күніне 200 адам бұл дерттен қайтыс болуы мүмкін. Жуырда ел премьер-министрі Борис Джонсон Ұлыбританияда індеттің екінші толқыны басталғанын хабарлады. Қазір ел үкіметі қатаң карантин енгізбеу үшін бар күшін салып жатыр. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір Ұлыбританияда 401 122 адам  COVID-19 жұқтырған, 41 877 адам қайтыс болды.