Биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспортталады
Биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспортталады
5,273
оқылды

Қазақстан биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспорттайды. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов осылай деп мәлімдеді.

«Битум өндіру 702 мың тоннаны немесе жоспардың 103 пайызын құрады. Өндіру көлемі еліміздің жол саласының қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. 2019 жылға арналған жоспар – 767 мың тонна»,– деді ол. 

Осы жылдың тоғыз айы ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытында 107 мың тонна хош иісті көмірсутек (бензол, параксилол) өндірілді. Аталған өнім экспортқа бағдарланған. 2019 жылға арналған жоспар – 180 мың тонна. 

– Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында Алматы облысында майлайтын май өндіретін зауыт пайдалануға берілген. Оның қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайды. Бұл ішкі нарықтың жағармайға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге және жақын шетелге экспортты жүзеге асыруға мүмкіндік береді,– деді Махамбет Досмұхамбетов.