Қ.Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады
Қ.Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Е.Досаевты қабылдады
226
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады,– деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк қызметінің және еліміздегі қаржы нарығының соңғы 9 айдағы жағдайы, инфляцияны нысаналы дәліз шеңберінде сақтау, экономиканы кредиттеудің сапалы өсуін қамтамасыз ету туралы баяндалды. Сонымен қатар жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын іске асыру шаралары, екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жөнінде мәлімет берді.

Е.Досаев Президентке бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы жайына да тоқталды. Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысының қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты.

Қ.Тоқаев Ұлттық банк төрағасына қаржы секторындағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді тапсырды.