Тоқаев "Валдай" пікірталас клубының отырысына қатысады
Тоқаев "Валдай" пікірталас клубының отырысына қатысады
240
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 3 қазанда Сочи қаласында өтетін "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің сөзінше шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады.

Пікірталас барысында қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайға Шығыстың ықпалы, Еуразия кеңістігіндегі саяси және экономикалық өзара іс-қимылдардың перспективалары, Таяу Шығыс мәселелері қаралатын болады.

Пленарлық сессиялар барысында Қазақстан мен Ресей басшыларынан басқа Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Иордания Королі ІІ Абдалла және Филиппин Президенті Родриго Дутертенің сөз сөйлеуі жоспарланған.

Биыл "Валдай" халықаралық пікірталас клубының жұмысына 37 елден, 140-тан астам сарапшы қатысады.