Елордада жылу беру маусымы басталды
Елордада жылу беру маусымы басталды
© Сурет ғаламтордан
301
оқылды
Елордада күннің күрт суып кетуіне байланысты жылу беру маусымы ерте басталды
«Ең бірінші кезекте әлеуметті нысандарға жылу беріледі. Қазірдің өзінде балабақшалардың жартысына, денсаулық сақтау саласындағы нысандарыны төрттен біріне жылу беріліп қойды. Сонымен бірге, алдағы күндері білім беру мен мәдени нысандарда жылу қосылады», - деп хабарлайды қала әкімдігінен.
Әлеуметтік нысандардан бөлек көпқабатты тұрғын үй кешендерін де жылуға қосу жоспарланған. Нысандардың жылу қабылдауға дайын екені туралы құжаттары тексерілген. Сонымен бірге жаңа нысандарға берілетін жылудың қайнар көзі айқындалған.
«Жеке секторда тұратын халық үшін көмір қаланың әртүрлі нүктесіндегі 11 орында сатылады. Жанар-жағармай қоймаларында жеткілікті қор бар. Көмірдің бағасы қай жерде қандай екенін 109 нөмірінен білуге болады. Сондай-ақ, тұрғын үй массивтерін газбен қамту жұмысы жалғасады», - делінген әкімдіктің хабарламасында