Елордада автобус тапшылығын жою мақсатында 100 электробус алынады
Елордада автобус тапшылығын жою мақсатында 100 электробус алынады
283
оқылды

Нұр-Сұлтанда автобустардың тапшылығын жою үшін жүз электробус сатып алынады. Бұл туралы бүгін елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов хабарлады.

«Елордада 100 электробус пайда болады. Автобус тапшылығын қысқартып, жылжымалы құрамды жайлы әрі шусыз автобустармен жаңартамыз. Автобустардың жүру интервалы қысқарады, яғни аялдамаларды күту уақыты да қысқарады», - деді Игенбердинов брифингте.

Оның сөзінше автобустар автобус паркін отандық өндіріс техникасымен жаңарту бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынады. Лизингтің мерзімі 7 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 7 жылды құрайды.

«Бұл Қазақстандағы лизингтік мәмімелелер үшін ең төменгі мөлшерлеме. Айта кетерлігі лизингтік қаржыландыру теңгемен жүргізіледі. Бұл қазіргі уақытта тұрақтылыққа кепілдік береді», - деді Игенбердинов.

«Astana LRT» басшысы осы жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы алғашқы автобус паркі отандық өндірістің электробусын сынақтан өткізді дейді. Тестілеу қыстағы (-38 градус) ең төменгі температура кезінде жүргізілді. Электр энергиясының шығыны 1 шақырымға 0,91 кВт құрады.

Электробустар ішінен Yutong ZK6128BEVG маркалы электробус бар талаптарға сай келген. Бұл автобустар экологиялық тазалығымен ерекшеленді, барлық халықаралық талап пен стандартқа сай келеді. 12 метрлік автобустың едені төмен орналасқан, 350 шақырым жол қоры бар литий-темір-полимерлі батареямен жабдықталған. Батареяның қуаты 10 жылды құрайды. Кепілдігі – 7 жыл, электроқозғалтқышы 5 жылға дейін жұмыс істей береді. Игенбердиновтың айтуынша Yutong электробусының 1 бірлігінің құны 146 712 333 теңге, бүгінгі күнгі бағам бойынша 388 мың АҚШ доллары.