Нью-Йорктегі Бронкс аймағында қазақ дипломатының қызына питбуль шапты. Бұл туралы CBS New York хабарлайды.
«Солтүстік Ривердейлдегі Бронкста ит қоршаудан шығып кетіп, қызға шапқан», - дейді жергілікті полиция.
Қыз бала беті мен мойнынан жарақат алған. Қазір ҚР СІМ оқиғаның мән-жайын анықтауда.