Елімізде қолма-қол ақшасыз төлем 14 есе өсті
Елімізде қолма-қол ақшасыз төлем 14 есе өсті
315
оқылды

Бес жыл ішінде Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1,1 трлн теңгеге өсті,– деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2019 жылдың тамызында бұл көрсеткіш 1,2 трлн теңгені құрады, ал 2014 жылдың тамызында 83 млрд. Осылайша, бес жыл ішінде Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдер 14 есеге көбейген немесе 1 трлн теңгеден асады.

  Сонымен бірге төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакциялар көлемі де артты: 2014 жылғы 670,2 млрд теңгеден 2019 жылы 2,7 трлн теңгеге дейін.

 Қадағалаушы ұйым биылғы тамыз айында қолма-қол ақшасыз төлемдердің негізгі бөлігі POS-терминалдар (жалпы санының 25,2%) және Интернет/мобильді банкинг (73,3%) арқылы жүзеге асырылғанын айтты.