Қостанайда құны 5,3 миллиард теңгелік ет өңдейтін кешен салынады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы хабарлады.
«Кешен қаланың солтүстік индустриалды аймағында пайда болады. Жобаның құны 5,3 млрд теңгеге бағаланады»,– деп хабарлады мемлекеттік мекеме.
Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 20 мың тонна ет және ет өнімдерін құрайды. Өнім ішкі нарықта және Кеден одағы мен Орталық Азия елдерінде сатылады деп жоспарланып отыр. Кешенде 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жобаны іске асырудың болжамды мерзімі –2019-2020 жылдар.