Полиция департаментінің қызметкерлері Атырауда «Бекіре» жедел-профилактикалық алдын алу шарасын өткізді.
Тексеріс кезінде Атырау – Орал тасжолында балық тиеген Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатты.
Көлікте 345 дана бекіре мен салмағы 200 грамм қара уылдырықтың бар екені анықталды.
Анықталғандай, Батыс Қазақстан облысының 28 және 29 жастағы екі тұрғыны балықты заңсыз аулаған. Екеуі балықты Атыраудан Орал қаласына жеткізбек болған. Заңсыз ауланған бекіренің жалпы салмағы 1 тоннадан асады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 339-бабы «Өсiмдiктер немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Күдіктілер қамауда отыр.