Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде РФ Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Президент twitter-дегі парақшасында жазды.
«Сочиде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткіздім. Екіжақты қатынастарымыздың күн тәртібіндегі мәселелерді және Омбыда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын талқыладық. Стратегиялық серіктестігіміз бен одақтастығымыз нығая беретініне кәміл сенемін»,–деп жазды Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығын атап өту шарасына орай Ресей басшысы В.Путиннің шақыруын қабыл алды. Бұл туралы РИА Новости жазды.