Алматы облысында жолдың шетінде картоп тау болып үйіліп жатыр. Иесіз жатқан көкөніс түрін тұрғындар шетінен тасып алуда. Алайда осынша көлемдегі картопты кімнің және қандай себеппен тастап кеткені белгісіз,– деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы»
Жолдың шетіне үйіліп жатқан картоптың қасына көліктер тоқтап, адамдар көкөністі тегін тасып әкетуде.
Тұрғындар картоп иесінің мұндай сыйына дән риза. Ал жергілікті билік жолда қалаған затыңды төгуге болмайды деп отыр.
«Әрине, жолға төгіп тастағаны дұрыс емес. Мұнда жатпауы тиіс. Кәсіпкердің мұндай әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады. Біз жауапқа тартамыз», – дейді Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Ермек Әпеков.