Қазақстанда тағы бір қоқыс сұрыптау кешені ашылады
Қазақстанда тағы бір қоқыс сұрыптау кешені ашылады
5,304
оқылды

2019 жылдың аяғында Қызылорда облысында қоқыс сұрыптау кешені іске қосылады,– деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқарманың мәліметі бойынша, кәсіпорын жылына 60 мың тонна қатты қалдықтарды сұрыптайды.

«Жобаның жалпы құны – 1,3 млрд теңге. Кешен осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр»,– делінген хабарламада.

Жоба құнының 50% (652 млн теңге) жеке инвестордың қаражаты есебінен жабылатыны, қалған қаржы бюджеттен бөлінетіні белгілі болды.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстарының 60% -ы аяқталған. Кешен толық іске қосылғаннан кейін жергілікті әкімдік басқаруына берілмек.