Сарапшылар коронавирустың дамуына қатысты болжам айтты
Сарапшылар коронавирустың дамуына қатысты болжам айтты
© сурет интернеттен алынды
247
оқылды
Принстон университетінің зерттеушілері коронавирус пандемиясы дамуының бес жылға арналған төрт сценарийін қарастырды, – деп жазады Science журналы. Екі сценарий вакцинасыз болуы мүмкін. Егер адамның ауруға табиғи иммунитеті ұзақ сақталса, жаңа жұқтыру деректері болмайды. Зерттеушілер осындай оң болжам жасады. Екі сценарийде адамдарды вакциналау қарастырылған. Олардың пікірінше, адамдарға вакцина салу арқылы вирустан жартылай қорғауға болады, алайда вакцина жұқтыру қарқыны мен бақылауда маңызды рөл ойнайды. Авторлардың бірі коронавирустың таралуына болжам жасаған кезде ғалымдар маска тағу және ара қашықтық сақтау шараларына назар аударығанын айтады. Болашақта иммунитет маңызды фактор болады деп есептейді. Ғалымдар адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті жалпы әлсіз болады, сондықтан вирусты қайта жұқтырудан уақытша қорғайды, болашақта жұқтыру ауқымы кеңеюі мүмкін деген болжам айтты.