Қазіргі президент БАҚ өкілдерімен кездесуінде тілшінің «Егер сайлауда ұтылсаңыз, биліктен өз еркіңізбен кете бересіз бе?» деген сұрағына жауап берді.
Трамп «Алда не боларын қайдан білейін? Уақытында көре жатармыз» деп жауап қайтарды.
Ол сондай-ақ сайлауда пошта арқылы дауыс берудің кемшілігіне тоқталды.
Дональд Трамп: «Мен бұған дейін де поштамен дауыс беру үлкен қателік екенін айтқанмын. Одан бас тартыңыздар, сонда бәрі дұрыс болады. Ал енді биліктен жайбарақат кете салу дейсіз бе, ол оңай емес. Өз басым мемлекет тізгінін алдағы уақытта да ұстайтыныма көбірек сенемін», – деді.
Телеарнаның хабарлауынша, Дональд Трамп бұған дейін егер қарашаның 3-і күні сайлауда жеңіліп қалса, оның қорытындысын мойындамайтынын айтқан болатын.
Бәсекелесінің сол мәлімдемесінен кейін Джо Байден «онда әскерилер Трампты Ақ үйден күштеп шығарады» деп айтқан еді.