Аяз бен аптап ыстықта жұмыс істеген теміржолшылардың құқығы қорғалды
Аяз бен аптап ыстықта жұмыс істеген теміржолшылардың құқығы қорғалды
213
оқылды
Прокурорлық ықпал ету шараларымен Қарағанды облысының 1730 теміржолшысына тиесілі 4,6 млн теңге қосымша ақы төленді және 3476 қызметкер арнайы киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілді. Бұл туралы aikyn.kz Қарағанды көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтей отырып хабарлайды. Бұл соманы есептеу үшін «ҚТЖ Жүк тасымалы «АҚ филиалы – «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі» ауыр метеорологиялық жағдайларда ашық ауада жұмыс істегені үшін, атап айтқанда (- 25) градустан төмен және (+35) градустан жоғары ауа температурасында, сондай-ақ (-10) градустан төмен температурада борандар мен қар жауған кезде ашық ауада жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлемеу фактісі негіз болды. Сондай-ақ, филиал қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұза отырып, дәнекерлеушілерді аяқ киіммен, костюмдермен, тиісті қолғаптармен, бас киімдермен, сүтпен (олардың пайдалану мерзімін ескере отырып) және басқа да жеке қорғану құралдарымен жабдықтамаған. Қарағанды көлік прокуратурасы анықтаған қолданыстағы заңнама бұзушылықтары бойынша филиалдың атына прокурорлық қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижесімен көрсетілген бұзушылықтар толық көлемде жойылды.

Осылайша, теміржол көлігінің 5,2 мың қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.