Соңғы сегіз айда парақорлықтың 1000 фактісі тіркелді
Соңғы сегіз айда парақорлықтың 1000 фактісі тіркелді
© сурет интернеттен алынды
191
оқылды
Елімізде парақорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың саны артты. Бір жылда 11%-ға өскен. Бұл туралы finprom.kz хабарлады. 2020 жылдың қаңтар және тамыз айларында мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар мен жемқорлық фактілерінің саны 1,6 мыңға жеткен. Бұл былтырғы көрсеткіштен 12,6%-ға кем. Олардың үштен екісі парақорлыққа тиесілі. Жыл басынан бері парақорлықтың 993 фактісі тіркелді. 2019 жылдың қаңтар және тамыз айлары аралығындағы көрсеткіштен 11,4%-ға көп. Оның 555-і пара алу, 404-і пара беру, 34-і делдалдық фактілері.