Zoom-мен сабақ өтіп жатқан кезде әйелді атып өлтіріп кетті
Zoom-мен сабақ өтіп жатқан кезде әйелді атып өлтіріп кетті
222
оқылды
Америкада тоғыз жасар оқушы қыз Zoom-мен сабақ оқып жатқан кезде ас үйде әйелді атып өлтіріп кетті, деп жазады ru.oxu.az. Оқиға Висконсин штаты Милуоки қаласында болды. Сабақ кезінде оқушылар мен мұғалім бірнеше рет атылған оқтың дауысын естіген. Мұғалім бірден оқ оқушыларының бірінің үйінде атылғанын түсініп, оның мекенжайын анықтап, полиция шақырған. Оқ атқан 45 жасар Марио Стоукс болып шықты. Тергеу мәліметінше, ол 52 жастағы өз әпкесі Мишель Блэкмонды атқан. Әйел адам беті мен басына тиген оқтан қайтыс болған. Әпкесі інісін үйден қуып шықпақшы болғанда ұрыс шығып, соңы қайғылы аяқталған. Стоукс адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.  Бұдан бұрын ол қару сақтағаны үшін сотты болған. Журналистер үйде сабақ оқып отырған қыздың адам өлтіруші мен әйелге кім болып келетінін хабарлаған жоқ.