Елордада мас күйде 2 баланы қағып кеткен жүкті әйел жазасын түрмеде өтейтін болды
Елордада мас күйде 2 баланы қағып кеткен жүкті әйел жазасын түрмеде өтейтін болды
© Сурет ғаламтордан
162
оқылды
Осы жылдың маусым айында мас күйде үш адамды (оның екеуі бала) қағып кеткен әйелге сот үкім шығарды.
«2020 жылдың 16 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 соты А.Ж.Ерғазинаға қатысты үкім шығарды. Ерғазинаның екі бала мен бір ересек адамды қағып кеткені анықталды. Оның екеуі ауыр, біреуі орта дәрежеде жарақат алған. Сот отырысында жәбірленушілер заң бойынша жаза беруді талап етті», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотынан.
Айыпталушының адвокаты әйелді бас бостандығынан айырмауды сұрапты. Себебі оның аяғы ауыр, баласы да бар. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігімен айыпталған адам айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмысқа тартылуы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы керек.
«Сот қылмыстың ауырлығын, балалардың зардап шеккенін ескере отырып, айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сонымен бірге сотталушы 10 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды», - деп хабарлайды соттан.
Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.