Оралдағы пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының өлі денесі табылды. Бұл туралы «Мой город» хабарлайды.
Қаланың полиция департаментінің басшысы Мирлан Айкенов хабарлағандай олардың өліміне зорлық себеп болмаған, бірақ қалай көз жұмғандары тексеріліп жатыр. Өлім себебі сараптамадан кейін анықталады.
«52 жастағы әйел мен 54 жастағы ер адамның мәйіті бүгін сағат шамамен 11.00-де үйлерінен табылды. Олардың денесі пәтерде шамамен 10 күн жатқан. Бейберекет отбасы болған», - дейді Айкенов. Көршілері олардың жиі ішімдікке салынағандарын айтады.