Теміртауда қаланың қақ ортасында әйелге шабуыл жасалды – видео
Теміртауда қаланың қақ ортасында әйелге шабуыл жасалды – видео
© Сурет ғаламтордан
5,395
оқылды
Теміртаудағы саябақтардың бірінде белгісіз біреу әйелге шабуыл жасады. Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр Қарағанды облысы Теміртау қаласында көшенің қақ ортасында әйел адамға шабуыл жасалды. Желіде бұл оқиғаның видеосы да таралып үлгерген. Қылмыскердің кім екені әлі анықталған жоқ. Ол оқиға орнынан қашып кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=_gW-ZUUeDxg&feature=emb_logo Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шабуыл жасаған адамды іздестіріп жатыр. Себебі ол бірден оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Желіде жарияланған роликтен оның 23 қаңтарда түсірілгенін, ер адам мен әйел адамның саябаққа ұқсас аумақта бір-біріне қарама-қарсы келе жатқанын көруге болады. Дереккөз мәліметінше, бұл жер – Гагарин даңғылы. Жігіт әйелге жақындап келіп, оған шабуыл жасайды. Оны жерге құлатып, ұрып-соға бастайды. Ал жәбір көруші барынша қорғануға тырысады. Одан соң бұзақы әйелді жібере салып, кетіп қалады. Есеңгіреп қалған тұрғын орнынан тұрып, аулағырақ кетуге тырысады. Ал сәлден соң есін жиып телефонына жармасқанын көруге болады. "Бұл факт полицияда тіркелген. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", - деді  Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.