Эквадорда жанармай нарығы саласындағы ереуілдерге байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.
24.kz-тің жазуынша, Эквадордың президенті Ленин Морено мәлімдеді.
Елдегі жағдай жаңа заң жобасы қабылданған соң ушыққан. Морено 3 қазаннан бастап дизель мен жанармайға бөлінетін субсидияны алып тастау туралы құжатқа қол қойған. Ізінше, елде отын бағасы шарықтап кетті. Наразы халық биліктен бұл реформадан бас тартуын талап етіп, көшеге шықты. Қаржы министрлігі субсидиядан бас тарту арқылы мемлекеттің 1,4 млрд доллар үнемдейтінін айтып отыр. Сондай-ақ Эквадор мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан шығатынын да жеткізді. Бұл шешімге мемлекет ел экономикасын тұрақтандыру үшін барған.