Ақмола облысында екі жоғары шенді полиция ұсталды
Ақмола облысында екі жоғары шенді полиция ұсталды
209
оқылды

Ақмола облысында екі жоғары шенді полиция ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция Департаменті хабарлайды.

«Ақмола облысы полиция Департаменті ішкі қауіпсіздік Басқармасы ҰҚКД ведомстваралық жедел тергеу тобымен ҚР ҚК 189 бабы 3 тармағына сәйкес (сеніп тапсырылған мүлікті қолдану немесе заңсыз пайдалану) полиция полковниктері А.Е.Сәдуова және С.К.Жұмалинаға қатысты сотқа дейінгі іс қозғалды», - деп хабарланады.

Құқық бұзушылық әрекетті күдіктілер бір жыл бойы жасаған дейді. Полиция полковнигі Сәдуов ішкі істер органдарынан қуылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сәдуов облыстық полиция Департаменті басшысының орынбасары болып 2018 жылдың сәуірінде тағайындалған. Бұған дейін ол аса маңызды қылмыстарды тергеумен айналысқан, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болған.

Жұмалина ішкі істер органдарында 20 жыл қызмет еткен. Ақмола облысы ПД қаржылық қамтамасыз ету басқармасын басқарды.