ҚазҰУ түлегі дәріс өткізді
ҚазҰУ түлегі дәріс өткізді
Фото: Интернеттен алынды
220
оқылды
ZOOM платформасында эдвайзерлер Ж.Тоқтарова мен Е.Кимнің ұйымдастыруымен кафедра түлегі Рустам Қайрахметов 1 курс студенттеріне арнап «ҚазҰУ түлегінен кеңес» атты дәрісін өткізді.    width= Мәскеудегі Samsung Electronics компаниясының қызметкері әрі бірнеше Корей тілінен өткен жарыстардың жеңімпазы дәріс барысында білім жолын енді бастаған студенттерге оқу жылдарын қалай табысты өткізуге болатыны жайлы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ ол өзінің студенттік кезде шет елдерде жинаған тәжірибесін айтып, жастарды әр істе белсенді болуға шақырды.

Корейтану бөлімінің мақтанышына айналған Рустам дәрісінің соңын: «Әркім өзінің күші мен арманына сене білуі керек және зиянды әдеттер мен өзіңізге кері әсер ететін адамдардан аулақ болып, қиындықтардан мойымай, үлкен жетістікке жету үшін еңбектініңіз» деп аяқтады. 

   width= Дәрістен соң студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Көкейінде жүрген сауалдарына жауап алған студенттер онлайн кездесуді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Әйгерім САЙЛАУКЕНОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің 2-курс магистранты