Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы 122,5 миллион теңгеге сатылмақ.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, Павлодарда түрме ғимараты аукцион арқылы сатылады.
Оның бастапқы құны 122 жарым миллион теңгеден асып жығылды.
2014 жылдан бері қаңырап бос тұрған түзету мекемесі жазасын өтеушілердің аздығынан жабылып қалған. Бір айта кетерлігі, мұнда туберкулезге шалдыққан қылмыскерлер жазасын өтепті. Бұған дейін түрмеде 124 сотталушы болған. Оның барлығы басқа абақтыға жіберілген. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, аукцион 15 қазанда электронды түрде жүргізіледі. Қамау мекемесі 24 нысаннан құралған. Оның ішінде жатақхана, асхана, әкімшілік корпустармен қатар қоймалар да бар. Жалпы аумағы – 10 мың шаршы метр.