Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауға қатысты Мемлекеттік комиссия бекітілді
Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауға қатысты Мемлекеттік комиссия бекітілді
384
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауға қатысты мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлық «Әділет» нормативтік-құқықтық актілер жүйесінде жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру мақсатында, мен шешемін: 1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін: 1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже; 2) Мемлекеттік комиссияның құрамы», - деп жазылған құжатта.

Осы жылдың 25 желтоқсанына дейін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлаудың тұжырымы жасалуы тиіс.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы 2021 жылдың 16 желтоқсанында мерекеленеді.