Атырауда дәрігерлер құжаттарды қайта жасамау үшін сәбиді өлтірген
Атырауда дәрігерлер құжаттарды қайта жасамау үшін сәбиді өлтірген
341
оқылды

Атырау облыстық перинаталдық орталығының басшысы жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдула мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәби өлімі толтырылған құжаттаманы қайта жасағысы келмегендіктен жасалған деп хабарланды. Директордың бұйрығымен бала тоңазытқышқа қойылған.

«Арнайы жедел шаралардың нәтижесі бойынша, нәресте туылғаннан кейін, немқұрайлылық кесірінен шетінегені анықталды. Балаға өмір беру үшін дәрігерлер шұғыл шаралар жасаудың орнына, керісінше өлі туды деген құжаттар рәсімдеген»,– деді Ш.Қабдула.

ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы – кісі өлтіру бойынша іс қозғалды. Айыпталушылар – екі адам: аурухананың меңгерушісі және босандырған акушер-гинеколог. Олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.